Депозит бойынша мемлекеттік сыйақы алуға өтініш беру 10 ақпанға дейін жалғасады.
Депозиттерге кепілдік беру қоры азаматтардан өтініш қабылдау мерзімі тағы ұзарғанын хабарлады. Банкте ақшасын теңгемен жинаған салымшылардың биыл 10% мемлекеттік сыйақы алуға мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, 303 млрд теңгеден аса қаржыға тұрғындардан өтініш қабылданған. Статистика бойынша елде 5 млн депозит иесі жинағының 10% мөлшерінде қосымша ақша алуға мүмкіндігі бар екен.
Өтінішті тек былтыр 23 ақпанға дейін депозит ашқан азаматтар бере алады. Жауаптылар мұндай өтемақы есепшотқа бір рет ғана аударылатынын ескертеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Депозит бойынша мемлекеттік сыйақы алуға өтініш 10 ақпанға дейін қабылданады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169691/)