Түркістан облысында полиция қызметкерлері қар құрсауында қалған 80-нен аса көлік жүргізушісіне көмек көрсетті.
Тәртіп сақшылары соңғы 3 күннен бері күшейтілген тәртіпте жұмыс істеп жатыр. Себебі аймақта боран соғуының салдарынан республикалық маңызы бар жолдардың жиегіне жиналған қар мен көктайғақтан көлік қозғалысы қиындаған.
Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 күнде жолда әбігерге түскен 60-қа жуық жүргізушіге жәрдемдескен. Сондай-ақ жолдан шығып кеткен жеңіл және жүк көліктерін қардан шығаруға көмектескен. Жергілікті полиция ауа райы жақсарғанша жүргізушілерге ұзақ жолға шықпауға кеңес беріп жатыр.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркістан облысында полиция қызметкерлері жолда қалғандарға көмектесті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169708/)