Батыс Қазақстан облысында қатты аязға байланысты бірінші сыныптан бастап 9-шы сынып оқушылары үшін сабақ онлайн форматқа көшірілді. Өйткені соңғы бірнеше күннен бері термометр -35 градусты көрсетіп тұр.
Күн күрт суытатыны туралы алдын ала дауылды ескерту берілген. Сол себепті түске дейін барлық мектеп, ал түстен кейін бастауыштан бастап 9-сынып оқушылары білімді қашықтан алып жүр. Ата-аналардың өтініші бойынша, компьютері жоқ оқушыларға мектептегі ноутбуктер берілді.
Бағдагүл Бақтыгереева, қалалық білім беру бөлімінің бас маманы:
Министрліктің №42 бұйрығында түгел алгоритм көрсетілген. Жалпы - 25 градус болса, бастауыш сыныптар онлайн режимге көшіріледі. - 27 болса, 1-9-сыныптар және - 30 градус болған жағдайда барлық 1-11-сынып оқушылары онлайнға көшіріледі.
Ардақ Мұратқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=БҚО-да қатты аязға байланысты оқушылар онлайн оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169709/)