Ақмола облысында ауыл шаруашылығындағы жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асты. Мұндай көрсеткіш алғаш рет тіркеліп отыр. Президент қабылдауында болған облыс әкімі Ержан Маржықпаев былтырғы жұмысына есеп берді. Оның сөзінше, 2022 жылы өңірдегі өнеркәсіп өндірісі 1 триллион 400 млрд теңге болған. 22 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылды. Мемлекет басшысы облыстың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін одан әрі жақсарту және тұрғындардың әл-ауқатын арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.
Ермек Маржықпаев, Ақмола облысының әкімі:
Қабылдауда инфрақұрылымдық жобалар жайлы айтып өттім. ЖЭО құрылысы, жылыту маусымының барысы және туризмді дамыту туралы есеп бердім.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Агро саладағы жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169746/)