Алматыда алдағы төрт күнде қатты аяз болады деп күтілуде. Сол себепті Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды ұзақ уақыт серуендеуден бас тартуға, қала сыртына шықпауға, жылы киінуге шақырып отыр.
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, 12-16 қаңтар аралығында ауа температурасы 25 градусқа дейін төмендемек. Бұл Алматы үшін қауіпті метеорологиялық жағдай болып саналады.
Бұл ретте бүгін-ертең алматылық оқушылар мен колледж студенттері қашықтан оқитын болды. Олардың сабақтары онлайн форматқа ауыстырылды.
Жазира Оразқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қатты аязға байланысты алматылық оқушылар қашықтан оқиды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169765/)