Қарағанды-Сұрыптау станциясында жұмысшыны көмір тиеген вагон басып қайтыс болды. Жүк пойызы вагондардың бірі рельстен шығып кетуі қайғылы жағдайға себеп болған,-дейді Еңбек инспекциясының өкілдері.
Осы сәтте вагондарды тіркеуші төменде жұмыс істеп жүрген. Ол алған ауыр жарақаттан жан тапсырған. Қазір инспекция тарапынан комиссия құрылып, оқиғаның мән-жайы анықталуда.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қарағанды-Сұрыптау станциясында жұмысшыны вагон басып қалды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169769/)