Зейнетке шыққандарға Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан берілетін төлемдер 5% ұлғайды. Мұндай өзгеріс 1 қаңтардан бастап Үкімет қаулысымен бекітілген Әдістемеге сай жүзеге асырылады.
Азаматтарға берілетін төлемдер былай есептеледі. Алғашқы жылы зейнетақы жинағының сомасы салымның 6,5% мөлшерлемесіне көбейтіліп, 12-ге бөлінеді. Ал І немесе ІІ топтағы мүгедектер, сондай-ақ зиянды және қауіпті өндірісте жұмыс істеген адамдар үшін ай сайынғы зейнетақы төлемінің мөлшерін арттыратын түзету коэффициенттері көзделген.
Серік Селеубай
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Зейнетке шыққандарға берілетін төлемдер 5%-ға ұлғайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169790/)