Ұлытау облысынан Парламент Сенаты депутаттығына 3 үміткер тіркелген. Олардың біреуі оқытушы, қалған екеуі автомобиль және өндірісті ұйымдастыру мамандықтарын игерген.
Аумақтық сайлау комиссиясы мәліметі бойынша, бастапқыда кандидаттыққа 7 адам өтініш берген. Бірақ кейін біреуі өз өтініші бойынша үміткерліктен бас тартса, енді 3-еуі тіркеу үшін қажетті құжаттарды толық ұсынбаған. Сенат депутаттарын жергілікті мәслихат депутаттары сайлайды.
Құсайын Жанаев, облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Сайлау өткізуге дайындық қызу жүріп жатыр. 13 қаңтар күні біз дайын отырамыз. Ұлытау облысы бойынша қазіргі таңда 69 депутат бар. Олар сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасайды.
Руслан Нұрланұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ұлытау облысынан Сенат депутаттығына 3 үміткер тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169796/)