Атырау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді.
Олардың орташа жасы - 57. Екеуі мемлекеттік кәсіпорын мен мекеме қызметкері. Кандидаттар арасында бір әйел адам бар. Мамандығы оқытушы.
Таңдаушылармен бірлескен отырыс сайлау күні Құрманғазы мәдениет үйінде өтеді.
Азамат Айманақұмов, облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
9 мәслихаттан барлығы 32 таңдаушы қатысады деп біз күтіп отырмыз. Осы таңдаушылардың тізімдері бұл күнтізбелік жоспарға сәйкес бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облысынан Парламент Сенатының депутаттығына 3 кандидат тіркелді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169797/)