Бүгін мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевтың туған күні. Осыған орай Алматыдағы қайраткер ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Шараға қала әкімдігінің өкілдері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар және Қонаевтың туыстары қатысты.
Салтанатты жиыннан кейін даңқты тұлғаның мемориалды пәтер-музейінде экскурсия ұйымдастырылды. Онда елі сүйген азаматтың жеке заттары, 5 мыңнан аса бай кітапханасы мен басқа да хоббилерінің жиынтықтары қойылған.
Халқы арқа сүйеген ардақты ердің мұражайы жыл сайын құнды жәдігерлермен толығып келеді. Дінмұхамед Ахметұлы - 45 жылдай басшылық қызметте нәтижелі еңбек етіп, Қазақстанды 25 жыл басқарды.
Елена Кубашева, Д. Қонаев мұражайының жетекшісі:
Музейіміз 20002 жылы ашылды. Дінмұхамед Ахметұлының 90 жылдығына орай. Және 2012 жылы 100 жылдығына орай пәтер-музейі ашылды. Біздің қорымызда 8 мыңнан аса жәдігерлер және фото-материалдар бар.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда Қонаевтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169809/)