Ақмола облысында өзі жұмыс істеген компаниядан 12 миллион теңге ұрлаған бас есепші 7 жылға сотталды. Ол бірнеше жыл қатарынан қаржыны жалақы есебінде өзінің және туыстарының есепшотына аударып отырған. Экс-бухгалтердің ақша жымқырғаны куәгерлердің айғақтарымен, банктен алынған мәліметтер және сот-экономикалық сараптамамен дәлелденді. Ол кінәсін сотта толық мойындады. Жұмыс берушіге келтірген шығын толық өтелді. Бас бостандығынан айырылған бухгалтерге мемлекеттік ұйымдарда өмір бойына лауазымды қызмет атқаруға тыйым салынды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ақмола облысында 12 миллион теңге ұрлаған бас есепші 7 жылға сотталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169891/)