Астанада Парламент Сенатының депутаттарын сайлау басталды. Мегаполистен саяси науқанға барлығы 6 кандидат қатысып жатыр.
Асылбек Данияр, тілші:
Дәл қазір Астананың мәслихат депуттары дауыс беруге кірісті. Алдымен олар электронды тіркеуден өтті. Қалалық Сайлау комиссиясының ақпараты бойынша 31 депутаттың 29-ы дауыс беруге қатысып жатыр. Олар Сенат депутаты болып сайланатын 2 адамды таңдайды. Өйткені, қазір қатарынан 2 сайлау өтіп жатыр.
Сайлау барысын сайлау комиссиясы өкілдерінен бөлек, журналистер мен кандидаттың сенім білдірген адамдары бақылайды. Науқанның қорытындысын Орталық сайлау комиссиясы алдағы күндері жариялайтын болады.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанадан саяси науқанға 6 кандидат қатысып жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169907/)