Бұрқасынға байланысты жол жабылып трассада 800-ге жуық автокөлік қалып қойған. Полицейлер оларды Астанаға және Павлодар облысының шекарасына дейін жол бастап, жеткізіп салды. Боран кезінде Астана – Ерейментау – Шідерті республикалық тас жолында көліктің көп жиналу ағыны байқалған. Күні бойы тәртіп сақшылары елордадан Павлодар облысының шекарасына дейін 300-ге жуық, ал 500 автокөлікті Павлодар облысынан Астанаға дейін кері бағытта алып жүрген.
Асылбек Данияр
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қолайсыз ауа райы: Тас жолда 800-ге жуық автокөлік қалып қойды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169922/)