Таразда қару-жарақ пен оқ-дәрілер жасырылған орын табылды. Суық қару былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру кезінде, қала іргесіндегі «Тектұрмас» кешенінің аумағында жасырылған тапанша мен екі тегіс ұңғылы мылтықты тапқан. Сонымен қатар, құрылысы аяқталмаған ғимарат ішінен Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен ұрланған «Benelli SAT» маркалы мылтығын тәркіледі. Оның қасында 60-тан аса түрлі қарудың патроны мен гранаталар жасырылған. Қазір осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалып, сот-баллистикалық сараптама тағайындалды.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Таразда ұрланған қару-жарақ табылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169929/)