Бүгін Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ Президенті шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахаянмен келіссөз жүргізеді. Екі ел басшылары Қазақстан мен Әмірлік арасындағы стратегиялық серіктестікті дамыту, маңызды салалардағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайту мәселесін талқылайды. Президент «Абу Даби тұрақты даму апталығы» саммитіне қатысады, сонымен қатар іскерлік орта өкілдерімен кездеседі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент ресми сапармен Біріккен Араб Әмірліктеріне барды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169939/)