Украинаның Днепр қаласында Ресейдің ракеталық шабуылынан қаза тапқандар саны 30-ға жетті. Тағы 73 тұрғын ауруханаға түскен. Олардың 12-сінің халі мүшкіл. Бұған қоса, 30-40 адам үйінді астында қалып қойды. Оларды құтқаруға деген үміт өшіп барады.
Жалпы алғанда, сенбі күні Ресей бұл мемлекет аумағына 38 зымыран жіберген. Украина әуе қорғанысы күштері солардың 25-ін атып түсіргенін хабарлап отыр. Дегенмен, алты аймақта энергетикалық нысандар зақымданған.
Ресей қазан айынан бері Украинаға ракеталармен, дрондармен қайта-қайта соққы беріп келеді. Соның салдарынан миллиондаған адам жарықсыз, сусыз, жылусыз қалып отыр.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Украинаның Днепр қаласында зымырандық шабуылдан 30 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/169958/)