![Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозициялық зал ашылды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_77998.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында «Өлке мәдениеті және әдебиеті» атты экспозициялық зал ашылды.
Мұнда ақын-жазушылардың кітаптары, музыка әлемінде орны бар тұлғалардың аспаптары, өнерпаздар өмірінен сыр шертетін құжаттар мен олардың қолданған заттары қойылған.
Жалпы, жәдігерлер саны 700-ге жуық. Олардың ішінде көне домбыра, қобыз, сазсырнай сынды аспаптар, сонымен қатар, 241 құжат пен фотосурет бар.
Батырбек ҚУАНДЫҚҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атырау облыстық тарихи-өлкетану мұражайында экспозициялық зал ашылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/16998/)