Ресейде өткен жылы инфляция 11 пайыздан асты. Өсім әсіресе азық-түлік инфляциясында байқалады. Жалпы ішкі өнім 4 процентке кеміген. Ресей газының экспорты соңғы 5 күнде 40 миллион текше метрден 35-ке түсті. Ахуал ушыға түссе, келесі жылы инфляция деңгейі 16 %-ке жетуі мүмкін. Алдағы бірнеше жылда Ресейдің жалпы ішкі өнімі қысқара береді, дейді сарапшылар. Азаматтардың банк алдындағы қарызының мөлшері 25 триллион рубльден асқан.
Эльман Мехтиев, Ұлттық коллекторлық агенттіктер қауымдастығының президенті:
Былтыр банктердің тарапынан 123 әкімшілік қылмыстық іс қозғалса, биыл ол 9 есе өскен. Халықтың тарапынан банктерге, шағын несиелік ұйымдарға жүгінетіндердің саны айтарлықтай артты. Қарыз бір жылдың ішінде бір жарым триллион рубльге өсті.
Индира Бегайдар
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ресейде өткен жылы инфляция 11 пайыздан асқан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170024/)