Непалда ұшақ апатынан қаза тапқандардың арасында соңғы кездері Қазақстанда тұрып келген Ресей азаматы Елена Бандуро болған.
Марқұм саяхатшы-блогер әрі СММ-маман болған. Трагедиядан бұрын ол туыстарына өзінің жүкті екенін айтқан. Ал Непалға күйеуіне бара жатқан.
Апат орнында іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. 70 адамның мәйіті табылды. Ауа-райының қолайсыздығына байланысты қалған екі адамның денесін іздеу кейінге қалдырылған. Әуе кемесі бортында барлығы 72 адам болған. Олардың төртеуі – экипаж мүшесі.
Ел астанасы Катмандудан Покхара қаласына бағыт алған жолаушылар лайнері жексенбіде апатқа ұшырады. Ұшақ халықаралық әуежайға қонарда құлаған. Оның қара жәшіктері табылды. Апаттың себебі анықталып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Непалдағы ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170048/)