Семейде «Тегін такси» акциясы ұйымдастырылды. Қыстың аязды күндері мен көктайғақтан қазір шаһарда жүріп-тұру қиындаған. Сол себепті мешіт қызметкерлері мен волонтерлар семейліктерге осылай қолдау көрсетуді жөн көрген. Акцияға 50-ден астам көлік қатысып, суық күні аялдамада тұрған халықты қалаған жеріне тегін жеткізіп жатыр. Қайырымдылық шарасы аяздың беті қайтқанша жалғаса бермек.
Бауыржан Ахметжан, волонтер:
Суық күнде қаламыздың тұрғындарына қолдан келгенше өзіміздің жылуымызды сыйлауға әрдайым дайынбыз. Қолдан келгенше тасымалдауға тырысамыз. Осы акцияға волонтер ретінде қатысқаныма қуаныштымын.
Е.Жақып
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Семейде «Тегін такси» акциясы жүріп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170052/)