Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты. Қайғылы жағдай оқу-жауынгерлік тапсырмаларды орындау барысында болған. Әскери қызметші 2022 жылдың көктемінде Қарағандыдан шақырылған. Қызметтестері оның бауырмашыл, әскери істі үйренуге ерекше ынта танытып жүргенін айтады. Қазіргі таңда оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.
Талғат Қойбақов, ҚР Қарулы күштері құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:
Қарулы күштердің басшылығы мен жеке қорғаныс сарбаздың отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтады. Қорғаныс министрлігінің тарапынан әскери қызметшінің отбасына көмек көрсету бойынша барлық қажетті шаралар қабылданатын болады.
Ламбриан
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана маңында мерзімді әскери қызметші парашютпен секіру кезінде қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170111/)