Алматыда қатты аяз салдарынан 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Басым бөлігі көктайғақтан құлап жарақат алғандар. Бір адам көз жұмды. Алматыдағы ахуалды дәл қазір әріптесім Жазира Оразқызы баяндауға әзір.
Жазира Оразқызы, тілші:
Биылғы қытымыр қыс алматылықтар үшін күтпеген жайт болды. Бірнеше күн қатарынан қалың қар жауып, біраз әбігерге түстік десек те болады. Қатты аяз күндері түрлі жарақаттармен 200-ден астам адам ауруханаға түскен. Оның ішінде 11 науқасты үсік шалған. Сондай-ақ қолайсыз ауа райының салдарынан бір тәулікте 160-қа жуық жол-көлік апаты тіркеліп, 30-ға жуық жолаушы түрлі жарақаттар алған. «Қазгидрометтің» мәліметінше, Алматының аязы жарты ғасыр бұрынғы рекордты қайталаған. Мұндай суық 54 жыл бұрын болған екен, қаңтардағы аяздың ызғары қатты болды. Қазір күн райы -10 градусты көрсетіп тұр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматыда қатты аяздан 11 науқасты үсік шалған&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170150/)