![Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі басталды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78012.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық байқауының іріктеу кезеңі басталды.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен бес мыңға жуық мүмкіндігі шектеулі жан қатысты. Өнерпаздар барлығы алты аталым бойынша бақ сынасты.
Қазылар алқасы өзгелерден оқ бойы озық шыққан қатысушыларды келесі кезеңге іріктеп, жеңімпазды 1-маусым күні анықтайды.
Биыл оныншы мәрте ұйымдастырылған фестивальге 20 мыңнан астам өнерпаз қатысып, оның үш мыңнан астамы еліміздің үлкен сахналарында өнер көрсеткен.
Айдана ҮСЕНБАЙ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада «Жұлдызай-2015» республикалық фестивалінің іріктеу кезеңі басталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17027/)