![Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78013.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Бүгін Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті.
Сөз өнерін жетік меңгерген талантты жастар бақ сынасты. Сайысқа 16-20 жас аралығындағы талапкерлер қатысты.
Байқауға қатысушылар өлеңді оқып қана қоймай, оның астарына үңіліп, ішкі терең сырларын көрерменге жеткізді.
Қазылар алқасы талапкердің көркем оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына, сахналық киім сәніне назар аударды.
Жеңімпаздар республикалық байқауда елорданың намысын қорғайтын болады.
Ләззат БЕКТАС
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оралхан Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің ХVІІ қалалық байқауы өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17030/)