Жол апатынан қаза тапқан адамдардың саны артты. Бұл туралы Үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Жол апаты былтыр 6 пайызға өскен. Ал қайтыс болғандардың саны 7 пайызға көп. Жол-көлік оқиғасынан жарақат алғандардардың да қатары артып отыр.
Елде автокөліктер де көбейіп келеді. Былтыр 4 млн 700 мың машина тіркелген. Жол апатының 75%-ы елді-мекендерде болған. Ал адам өлімі көбіне тас жолдарда тіркеліп отыр. Көлік жүргізушілері жылдымдық тәртібін сақтамайды. Жол апатынан көз жұмғандардың көбі – жаяу жүргіншілер.
Әсима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде жол апатынан қаза тапқандар саны артты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170309/)