Түркияда президенттік және парламенттік сайлау өтетін күн мамырдың 14-не белгіленді. Мұны президент Режеп Тайып Ердоған Бурса провинциясында жастармен кездесуі кезінде мәлімдеді.
Бұған дейін саяси доданы маусымның 18-е өткізу жоспарланған еді. Алайда бұл мерзім жазғы демалыстармен, саяхаттау уақытымен тұспа-тұс келетіндіктен, қайта өзгертілді. Әлеуметтік сауалнамаларға қарағанда, парламенттік және президенттік сайлау Ердоған үшін ірі сынақ болмақ.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркияда президент пен парламент сайлауы 14 мамырда өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170313/)