Солтүстік Қазақстан облысында шетелдік көлікті заңдастырудың алғашқы күнінде тұрғындардан 157 өтініш түсті.
Мамандар аймақта 7 мыңға жуық адам темір тұлпарын тіркеуден өткізеді деп болжап отыр. Олардың 500-і көлігін Армениядан, қалғаны көршілес Ресейден әкелген. Науқанның бірінші күнінде автокөліктерін заңдастыруға асыққан тұрғындар кезекке тұрды. Дегенмен мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы әдеттегідей жұмыс істеп тұр. 3 кезеңдік тексеруден өткен темір тұлпар иелеріне тиісті құжаттар мен мемлекеттік номер беріледі.
Қайрат Сейітқұлов, облыстық Полиция департаментінің мемлекеттік автоинспекторы:
Егер үш кезеңде бәрінен оң жауап шықса, 15-25 минут аралықта тіркеуден өтеді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Шетелдік көлікті заңдастыру: СҚО тұрғындарынан 157 өтініш түсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170376/)