Қасым-Жомарт Тоқаев Саха Республикасының басшысы Айсен Николаевты қабылдады. Екі ел арасындағы сауда-саттық көлемі айтарлықтай артып келеді. Қазақстан сауда қатынасын одан әрі тереңдетуге мүдделі. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Саха Республикасын тамыры терең тарихи және мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастар байланыстыратын атап өтіп, ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударатынын айтты. Айсен Николаев Саха елі Қазақстан компанияларымен өнеркәсіп өнімдері, минералды ресурстар және зергерлік бұйымдар салаларында сауда-саттық жасауға дайын екенін жеткізді.
Асима Нұрбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Саха республикасының басшысын қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170398/)