Оңтүстік Кореяда Ай күнтізбесі бойынша жаңажылдық мерекенің соңғы күні қар борап, көлік қатынасы тежеліп жатыр. Салдарынан миллиондаған адам сапарға шыға алмай қалды. Ал «Йонхап» агенттігінің хабарлауынша, елдің солтүстігінде күн - 25 градусқа дейін суытқан. Қолайсыз ауа райына байланысты Чеджу әуежайында 466 ішкі және 10 халықаралық рейс тоқтатылды. «Корея әуе жолдары» компания болса, 88 ұшақтың сапарға аттанбағанын мәлімдеді. Айта кетейік, Жаңа жыл - бұл мемлекеттегі ең басты мерекелердің бірі.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Оңтүстік Кореяда боран салдарынан әуе рейстері шегерілді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170409/)