Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты. Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы ширек финалда Елена Остапенкодан басым түсті. Қарсыластар осыған дейін екі мәрте кездесіп, екеуінде де Рыбакина жеңілген болатын. Бұл жолы отандасымыз басым түсті. Енді Рыбакина финалға шығу үшін әлемнің 3-ракеткасы, америкалық Джессика Пегула немесе Беларусь өкілі Виктория Азаренконың біреуімен кездеседі.
Досжан Маратұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елена Рыбакина алғаш рет Аустралия ашық чемпионатының жартылай финалына шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170436/)