Жапонияның оңтүстік-батысында таңертең жүк кемесі суға батты. Оның бортында 22 адам болған. 13 экипаж мүшесі аман-есен құтқарылып, қалған 9-ы іздестіріліп жатыр. Кеме күшті жел кезінде суға батқан.
Апат Жапонияның Нагасаки қаласы мен Оңтүстік Кореяның Чеджудо аралының арасында болды. Бұл аймақта қолайсыз ауа-райына байланысты бүгін жүздеген ұшақ рейсі тоқтады.
Арай Төлегенқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда суға батқан жүк кемесіндегі адамдар іздестіріліп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170458/)