Былтыр 1400-ден аса адам жат ағымның арбауынан құтқарылып, дәстүрлі мұсылмандық жолына оралды. Бұл туралы бас мүфти Наурызбай Қажы Тағанұлы айтты.
Діни басқарма жанынан 2 жыл бұрын оңалту бөлімі ашылған. Ол осындай жағдайлардың алдын-алып, уағыз-насихаттар, түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Сонымен қатар ел азаматтарының шет елдердегі белгісіз оқу орындарына кетіп қалмауы үшін бірнеше бастама қолға алынған. Қазақстанда ресми түрде 9 медресе мен бірнеше жоғары оқу орны жұмыс істейді. Олардың ғылыми әлеуетін көтеру және гранттар санын көбейтуге ден қойылып отыр.
Наурызбай Қажы Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти:
Барынша біз өз жерлестерімізді, бауырларымызды өз елімізде оқытуға барынша өз үлесімізді қосып жатырмыз. Және де былтыр Астана қаласынан Хұсам ад-Дин ас-Сығанақи атындағы ғылыми институтымызды аштық. Ол жерде де ислам дінін, теологияны тереңдетіп оқыту бағдарламасы жасалған.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елімізде 1400 адам жат ағымның арбауынан құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170521/)