Денсаулық сақтау министрі Сенат қабырғасында бала саудасымен күрес қалай жүріп жатқанын айтты. Мұндай жағдайлар шамамен 5 жыл бұрын болған. Содан кейін бүкіл перинаталдық орталықтар мен перзентханаларға бейнебақылау орнаттық. Баладан бас тартқан аналармен жұмыс істейтін мамандардың, психологтардың жұмысын ұйымдастырдық, - деді министр. Ал Тараздағы оқиғаға қатысты мән-жайды нақты білмейтінін айтты. Бұл жұмыстармен қазір полиция айналысып жатыр, - деді ведомство басшысы. Бұған дейін біз Таразда медицина қызметкерлері жаңа туған нәрестені 1,5 млн теңгеге сатпақ болғаны туралы айтқан болатынбыз.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:Барлық перзентханада бейнебақылау жүйесі орнатылған. Дәрігерлер палатадағы жағдайды қарап отырады. Алайда жақында болған оқиғаны назарға ала отырып, біз ел бойынша медициналық персоналмен тағы да тиісті жұмысты атқаратын боламыз.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Министр Тараздағы бала сату оқиғасына пікір білдірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170566/)