Төрт күн ішінде екі мыңға жуық адам көлігіне қазақстандық нөмір алды.
Нақты айтсақ, шеттен әкелінген 1 990 көлік заңдастырылып, иелеріне жаңа техникалық құжат берілді. Бұдан бұрын хабарлағанымыздай шетелдік автокөліктерді заңдастыру 23 қаңтарда басталған еді. Содан бері 1917 адамның өтініші алдын ала мақұлданды. Көлікті тіркеу бойынша өтінішті е-gov.kz электрондық үкімет порталы, екінші деңгейлі банктердің қосымшалары мен Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы беруге болады.
Ереже бойынша көлік Қазақстанға 2022 жылдың 1 қыркүйегіне дейін әкелінген болуы керек. Заңдастыру науқаны биыл 1 шілдеге дейін жалғасады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Елде төрт күн ішінде екі мыңға жуық көлік заңдастырылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170576/)