Иә, сақтықта қорлық жоқ....Алматы облысының таулы аймақтарында қаңтар айының соңына дейін қар көшкіні жүру қаупі сақталады. Сондықтан Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындар мен қонақтарды барлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Ведомствоның мәліметінше, Іле-Алатау тауларының оңтүстік беткейінде Еңбекшіқазақ, Талғар және Қарасай аудандарында 48 аумақта көшкін жүру қаупі бар. Қар көшкінінің түсуі негізінен температураның жоғарылауы мен ақ ұлпа жамылғысының тұрақсыздығына байланысты.
Қуан Нұрақын
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні жүру қаупі бар&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170644/)