Ұлттық нейрохирургия орталығының мамандары Ақтауда мойын омыртқасы сынып, жұлыны зақымданған науқасқа операция жасады. 39 жастағы азаматқа медициналық көмек көрсету үшін дәрігерлер Маңғыстау облысына арнайы барды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, оқыс оқиға 2 апта бұрын болған. Көпқабатты үйдің 6 қабатынан біреулердің лақтырған жиһазы ер адамның үстіне түсіп, ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген еді. Жан сақтау бөлімінде жатқан науқастың аяқ-колы істемей қалған. Дәрігерлердің айтуынша, алдағы уақытта оны бөлімшеге шығару жоспарланып отыр.
Аягөз Оралбайқызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Үстіне жиһаз құлаған ақтаулыққа Ұлттық нейрохирургия орталығы мамандары операция жасады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170765/)