Жаңа Зеландияның солтүстігінде алдын-ала төтенше жағдай жарияланды. Өйткені, бұл аймақта жауын тиісті мөлшерден тым көп жауып, алапат тасқын болуы мүмкін.
Айта кетсек, жұма күні Окланд қаласында жаңбыр құйып, су көтерілгенде, 4 адам қаза тауып, мыңдаған үй бүлінген.
Бұған қоса, мұнда халықаралық және ішкі әуе рейстер доғарылып, жүздеген адам сапарға аттана алмады. Ал, қашықтан оқуға мәжбүр болған оқушылар мектептерге ақпанның 7-не дейін оралмайды.
Арыстан Рысбек
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жаңа Зеландияның солтүстігінде тасқын қаупі төніп тұр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170770/)