Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласып республикалық автожолдарда өткен тәулікте 14 жол апаты тіркелді. Қозғалыс айтарлықтай қиындады. Күрежолда көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 10 адам дене жарақатын алды.
Қайғылы жағдай «Самара-Шымкент» трассасының Сұлутөбе ауылының маңында болған. Қырғызстан еліне бет алған Тойота автокөлігі жолдан ауып, жүргізуші тілге келместен ажал құшқан. Жанында болған 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда. Полиция ауа-райының қолайсыздығынан әзірге ұзақ жолға шықпауды ескертеді.
Әділбек Серікұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170920/)