Ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы облысында қозғалыс шектелді. «Қазавтожолдың» хабарлауынша, алты бағыт бойынша көлік қозғалысына тыйым салынған. Жолдардың жабылуына жауын-шашын мен температураның нөлден төмен түсуі себеп болып отыр.
Атап айтсақ, Алматы-Қонаев, Алматы-Шелек-Қорғас, Екатеринбург-Алматы, Алматы-Өскемен, Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас бағытында жолдардың облысқа қарасты бөлігінде транспорттың жүруіне шектеу қойылды.
Фариза Мұсақызы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Алматы облысында қолайсыз ауа райына байланысты 6 жол жабылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170940/)