Тасқыннан ең қатты зардап шеккен Сауран ауданының тұрғындары біртіндеп үйлеріне орала бастады. Ағын суға шыдас бермей құлаған үйлер мен қора-қопсы жергілікті бюджет есебінен жөнделуі тиіс, деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Сауран ауданына қарасты Бабайқорған мен Абай, Үлгілі ауылдарында қарғын су тоқтаса, Шаға елдімекенінде суды бұрып жатыр. Елдімекендерде 200-ге жуық аула судан тазартылып жатыр. Дегенмен тұрғындарға судың тоқтаусыз ағысынан баспаналарына кіру қиынға соғып тұр. Тасқын су ауладағы көмір мен қорадағы шөпті, азық-түлікті тегіс ағызып әкеткен.
Адалат Бабашева, Шаға ауылының тұрғыны:
Судың ағып жатқанына екі күн болды, тоқтайтын түрі жоқ. Бала-шағамыздың барлығын ағайын-туысқанға апарып тастағанбыз. Не істерімізді білмейміз. Үйдің алдын су басып жатыр. Үйдің ішіне кіре алмаймыз.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Қазір су тасыған аумақтарда табиғаттың тосын мінезінен келген шығындарды есептеу басталып кетті. Жергілікті әкімдіктердің мамандары қанша үйге су кірген, қанша қора-жай құлағанын тізімге алуда.
Айнұр Ақбаева
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Тасқыннан қатты зардап шеккен Сауран ауданының тұрғындары үйлеріне орала бастады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/170952/)