![«Абай әліппесі» электронды нұсқамен шықты](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78047.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Абайтану саласы тағы бір құнды дүниемен толықты.
Астанада кемеңгердің шығармаларын электронды кітап пен қалам арқылы оқытатын жаңа технологияның тұсауы кесілді. Бұл - ақынның 170 жылдығына арналған.
«Жақсы бала», «Жақсы ұстаз», «Жақсы ата-ана», «Жақсы құрбы-құрдас» атты төрт кітаптан тұратын «Абай әліппесі» - оқырман үшін таптырмас туынды. Сөйлейтін қалам Абай шығармасындағы кез келген көне сөздің мағынасын түсіндіреді.
Жобаны абайтанушы Мекемтас Мырзахметтің кеңесімен «Интерактив Қазақстан» компаниясы жасап шығарған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Абай әліппесі» электронды нұсқамен шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17100/)