Мақтаулы Тальго пойызынан өрт шықты. Петропавлдан Алматыға қарай бет алған жүрдек пойыздың соңғы вагоны отқа оранған. Оқыс оқиға кеше түнгі уақытта Қарағанды облысының «Аршалы – Анар» теміржол учаскесінде болған. Салдарынан 235 адам жолдан қалды. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ. Ал жолаушыларды діттеген жеріне жеткізу үшін басқа пойыз жолға шыққан.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Петропавл-Алматы бағытындағы пойыз вагонынан өрт шықты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171010/)