Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына 41 күн қалды. Бүгін бірнеше партия Орталық сайлау комиссиясына келіп, құжаттарын тапсырды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бүгін түске дейін 3 партия құжатын тапсырады деп жоспарланған еді. Алайда олардың біреуі әлі келген жоқ. Себебі бізге белгісіз. Сағат 11-де Азат Перуашев бастаған Ақ жол партиясының өкілдері келіп, тиісті құжаттарын тапсырды. Партия атынан 54 адам тізімге іліккен. Олардың 10-ы өткен жетінші шақырылымның депутаттары. Ал Мәжіліс сайлауына мажоритарлық жүйе бойынша, яғни өзін-өзі ұсынған ақжолдықтардың саны - 24. Азат Перуашевтің сөзінше, жастар мен әйелдер және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған 30 пайыз квотасы ескерілген.
Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:
Осыдан кейін Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының өкілдері келді. Олар Мәжіліске 25 үміткер ұсынып отыр.
Енді Орталық сайлау комиссиясы барлық құжаттарды тексеріп, бірер күнде оларға үміткер куәлігін беруі керек. Ал сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары 18 ақпаннан басталады.
Шерхан Жамбылұлы
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақ жол» мен «ЖСДП» құжаттарын тапсырды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171046/)