![Астанада халықаралық мұражай күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай флешмоб өтті](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/7/article_78053.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Ассамблеяның ұйымдастырған акциясына орай, бірегей символ «Тайқазан» салтанатты түрде мұражай қорына табысталды. Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК АҚ Жеңістің 70 жылдығына арналған деректі фильмдер мен құнды кітаптар топтамасын Ұлттық мұражайға сыйға тартты.
Айта кетейік, елімізде 6-ақпаннан басталған «Қазақстан халқы Ассамблеясы - 20 ізгі іс» республикалық әлеуметтік акциясына 620 мыңға жуық адам қатысып, 35 мыңнан аса азаматқа көмек көрсетілген болатын.
Айбар ТӨЛЖАНҰЛЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астанада халықаралық мұражай күні мен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына орай флешмоб өтті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/17113/)