Қазақстандық құтқарушылар мінген ұшақ Түркияның Газиантеп қаласына қонды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Жеке құрам техника мен жабдықтарын алған соң жергілікті билік атқарушы органдарымен бірлесіп жұмысқа кіріседі. Оларға іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін арнайы учаске бекітіледі деп күтілуде. Құтқарушыларға мынадай құрал-жабдықтар берілген: гидравликалық және пневматикалық құралдар, гидравликалық домкраттар, пневмодомкраттар, перфораторлар, жарықтандыру құралдары, палаткалар, спутниктік терминал, каркасты модуль, автотехника бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандық құтқарушылар Түркияның Газиантеп қаласына қонды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171130/)