Бір айдың ішінде азық-түлік инфляциясы 1,5 пайызға өсті. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар 1,7 пайызға артқан. Бұл туралы Үкімет отырысында Сауда және интерграция министрі Серік Жұманғарин айтты.
Асылбек Данияр, тілші:
Жыл басынан бері азық-түлік инфляциясының ең жоғары өсу қарқыны Маңғыстау, Ұлытау облысында және Астана қаласында байқалды. Әсіресе пияз бағасы 22,5 пайызға қымбаттаған. Күріш 5,2%, қырыққабат 4,1%, сүт және сәбіз 3,1%, картоп 3,0%, макарон өнімдері 2,6%-ға өскен. Министр Серік Жұманғарин Маңғыстау облысы әкімінің бағаны тұрақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы қанағаттанарлықсыз екенін айтты. Олар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асыруға көзделген 3,6 млрд теңгенің 2 млрд теңгесі жұмсалмаған. Сондай-ақ делдалдарды анықтау жұмысы да нәтиже бермеген. Министр көкеніс бағасын реттеу мақсатында 4 мемлекетпен келіссөз жүргізілетінін жеткізді. Яғни, тауарды неғұрлым ерте әрі мол қорын алсақ, баға төмендеу болады дейді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Азық-түлік инфляциясы бір айда 1,5 пайызға өсті&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171137/)