Сирияда зілзала кезінде үйіндінің астында 40 сағат бойы жатып қалған 3 бала мен бір ересек адам құтқарылды.
Соңғы мәлімет бойынша Сирияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 2 мың 500-ден асты. Қолайсыз ауа-райы мен техниканың жетіспеуі құтқарушылардың жұмысын қиындатып отыр. Жолдардың нашарлығынан олар зардап шеккен аудандарға жете алмай жатыр. Біріккен Ұлттар Ұйымы халықаралық қауымдастыққа Сирияға көмек көрсетуге үндеді. Құтқару жұмыстары күні-түні жалғасуда. Үйінді астынан әлі де дін аман шығып жатқан адамдар бар.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Сирияда 40 сағат бойы үйінді астында қалған 3 бала құтқарылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171219/)