Зілзаладан қатты зардап шеккен қалалардың бірі - Газиантеп. Қазір осы қалаға халықаралық «Түрксой» ұйымының өкілдері барып, жергілікті тұрғындарға көмек қолын созып жатыр. Аймақта әлі де арагідік 3-4 балдық дүмпулер болып жатыр. Тұрғындар үйлеріне қайтуға үрейленіп отыр. Сол себепті ашық алаңдарға шатырлар тігіліп, жергілікті азаматтардың орналасуына жағдай жасалуда.
Арман Нұрмұхаматұлы, «Түрксой» халықаралық ұйымының қызметкері:
Артымызда тұрған үйлердің тұрғындары далада жүр. Сондықтан осындай суықта жылы шатырлармен оларды қамтамасыз ету үшін Түркі әлемінің атынан барлық өнерпаздарымыз осындай қызметке ат салысып жатыр.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Түркиядағы тұрғындарға «Түрксой» ұйымы көмек көрсетіп жатыр&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171234/)