Атыраудағы Теңіз кен орнында вакуум цистернасы жарылып, 37 жастағы бір жұмысшы қаза тапты. Оқыс оқиғадан тағы бір адам жарақат алды. Техника мұнай-газ, медицина және өзге де салалардағы өндірістік қалдықтарды жоюмен айналысатын мердігер мекеменің біріне тиесілі болған. Жағдайдың жай-жапсары белгісіз. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.
Жандос Темірғали
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Атыраудағы Теңіз кен орнында вакуум цистернасы жарылып, бір жұмысшы көз жұмды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171288/)