Президент Ішкі істер министрі Марат Ахметжановты қабылдады. Ұйымдасқан және есірткі қылмыстарына қарсы шаралар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының нәтижелері жөнінде баяндамасын тыңдады. Сондай-ақ шетелдік көліктерді заңдастыру барысынан хабардар болды. Қасым-Жомарт Тоқаев азаматтық қоғам өкілдері мен журналистерге қарсы бағытталған заңға қайшы әрекеттер мен арандатушылықты әшкерелеуді тапсырды.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
Президентке криминогендік жағдайды баяндадым. Осы жасалып жатқан іс-шаралардың арқасында аса ауыр қылмыстарды тіркеу саны азайды. Мысалы, қасақана кісі өлтіру фактілері 40 пайызға, ұрлық 34 пайызға, ауыр қылмыстар санатына жататын қылмыстарды тіркеу азайып отыр.
Дарын Сағитов
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Президент Ішкі істер министрін қабылдады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/171296/)